Биыл күзде трендте болатын 3 иіс анықталды

2024 жылдың күзіндегі хош иістердің 3 басты тренді белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны ELLE журналының мамандары анықтаған.

Парфюмерияда осы күзде өзекті болатын бірнеше тренд бар. Мамандардың айтуынша, қазір цитрус, балғын хош иістер мен стандартты емес ваниль иісі бар иіссулар сәнде екен. 

Цитрус хош иісі

Парфюмериядағы цитрус иісі үлкен трендке айналып үлгерді. Енді парфюмерлер мұндай әтірлерді көптеп шығаруға тырысады. Күздегі нағыз мастхэв – цитрус пен дәмдеуіштердің үйлесімі. Мұндай хош иістер күзде керемет үйлесім табады. Жалпы цитрус хош иісі адамдарға жайлылық пен жылулық атмосферасын сыйлайды. Қуаттандыратын қасиетке де ие. 

Балғын хош иістер

Барлық әлеуметтік желіде тазалықтың иісі танымал бола бастады. Маркетинг мамандары да мұны өз өнімін сатуда жақсы пайдаланып жүр. Бұл тренд ешқашан өзектілігін жоғалтқан жоқ. Парфюмерлер бұл үрдісті одан әрі дамытып келеді. Шөптер мен гүлдердің хош иісі балғындық, тазалық және жеңілдікпен байланысты болғандықтан бұл иіс гүл бақшасында серуендеп жүргендей сезім сыйлайды.

Стандартты емес ваниль

Бәрімізге белгілі ваниль – хош иістердің патшайымы. Әр адамда ностальгия тудыратын ең тәтті ванильді хош иіс болады. Қазір оны басқа қызықты иістермен үйлестіру трендте, бұл оны өзгеше ете түседі. Стандартты емес ваниль хош иісі тек иіссуларда емес, басқа да хош иіс беретін сабын, гель, кремдерде де жиі қолданыла бастады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!