- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл күзде Marvel...
Биыл күзде Marvel кейіпкері мен Том Харди қазақша сөйлейді
Биыл күзде Marvel кейіпкері мен Том Харди қазақша сөйлейтін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
24 қазаннан бастап кинотеатрларда қазақша дыбысталған "Веном-3" фильмі көрсетіле бастайды. Әлеуметтік желіде фильмнің қазақша дубляжынан үзінді пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Меломан компаниясының бас директоры Вадим Голенконың айтуынша, қазақ тіліне дубляж жасалған фильмдер тек қана ойын-сауық үшін емес, білім беру тұрғысынан да маңызды рөл атқарады.
"Сүйікті кейіпкерлердің қазақ тілінде сөйлегені көрермендерге ерекше әсер қалдырады", - деді ол.
Айта кетейік, "Веномды" қазақ тіліне Movie Dalen дубляж студиясы аударған.
Еске салайық, қазақша дубляждалған туынды 24 қазаннан бастап көрермендерге ұсынылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева