Биыл кімдердің жалақысы өседі?

2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елде әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігер тапшылығы 19%-ға төмендеген.

"2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған. Сондай-ақ, дәрігерлерге жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кейінгі жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау бойынша 280 дерек тіркелгенін мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!