Кейінгі 10 айда Қазақстанның барлық қаласында пәтер қымбаттаған. Krisha.kz мәліметінше, пәтер бағасы орта есеппен 10 пайызға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірнеше қалада қаңтарға қарай пәтер қымбаттаған:
- Семейде: +19.3 пайыз, шаршы метрі 357 625 теңгеден;
- Ақтөбеде: +17.2 пайыз, шаршы метрі 283 025 теңгеден;
- Павлодарда: +12.3 пайыз, шаршы метрі 368 300 теңгеден.
Көптеген қалада пәтер сәуірде қымбаттаған. Ол наурыздағы теңгенің құнсыздануы мен ақпанның соңында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көбейтуімен байланысты болуы мүмкін.
Республикалық деңгейдегі қалаларда пәтер құны орташа қымбаттаған:
- Астанада: +7.6 пайыз, шаршы метрі 483.2 мың теңгеден;
- Алматы: +9.6 пайыз, шаршы метрі 686.6 мың теңгеден;
- Шымкентте: +10.9 пайыз, шаршы метрі 425.8 теңгеден.
Пәтер тек Талдықорғанда арзандаған. Қалада баспананың шаршы метрі 310 575 теңгеден.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!