- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл Қазақстанда қанша...
Биыл Қазақстанда қанша педофилге кастрация жасалғаны белгілі болды
Қазақстанда кейінгі жылдары кәмелетке толмағандардың зорлану дерегі азаймай тұр. Әр өңірде мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалар зорлықтың құрбаны болып жатыр. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған баланы зорлау дерегіне қатысы бар адамға кастрация жасау жазасы қарастырылған. Massaget.kz тілшісі былтыр және биыл қанша адамға кастрация жасалғанын анықтады.
Химиялық кастрация деген не?
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы заң қабылданды. Осыған орай 2019 жылы алғаш төрт педофилге химиялық кастрация жасалды. Химиялық кастрация дегеніміз - ағзаға жыныстық белсенділікті төмендететін дәрі-дәрмекті енгізу.
elements.envato.com
Былтыр қанша адамға химиялық кастрация жасалды?
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сауалға берген жауабына сәйкес 2022 жылы Қазақстанда 31 адамға химиялық кестіру жүргізілген.
elements.envato.com
Биыл қанша адамға химиялық кастрация жасалды?
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, биыл 4 айда пробация қызметінің есебінде кәмелетке толмағандарға зорлық жасау дерегі бойынша 352 сотталған адам тұр.
Ал ресми сауалға жауап ретінде берілген денсаулық сақтау басқармаларының ақпаратына сәйкес биыл 5 ай ішінде 30 адамға химиялық кестіру жүргізілді.
elements.envato.com
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мұғалім 14 жастағы қызды зорламақ болды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.
Кейінірек полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 3 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөліміне 32 жастағы тұрғын ауылдағы орта мектептердің бірінің денешынықтыру пәні мұғаліміне қатысты заңды шара қолдану туралы жазбаша арызбен жүгінген.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабының 2-бөлігі (Жас балаға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет) бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша соталды тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелген. Қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталғаны да хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова