Қорғаныс министрлігі үш мың қазақстандықты әскерге шақыруды жоспарлап отыр. Қорғаныс министрлігі бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл Қазақстанның Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 3000 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр.
"2024 жылы 3000 әскери міндеттіні әскери жиындарға шақыру", - делінген құжат жобасында.
Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Былтыр күзде Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 1500 азаматты міндетті әскери қызметке, сондай-ақ, әскери дайындыққа шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз