- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл Қазақстанда 6...
Биыл Қазақстанда 6 мың жол апаты болған: оған негізгі себеп қандай?
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Биыл Қазақстанда 6 мың жол апаты оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаттарынан 542 адам қаза тауып, 7 мыңнан аса адам жарақат алған. Негізгі себептердің бірі - жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы.
"Статистика бойынша елді мекендерге жол апаты оқиғасының 84 пайызы тиесілі. Бұл ретте адам шығынының төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан болған", - деді ІІМ өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда жантүршігерлік жол апаты болғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова