Биыл тағы 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
"Бұл орайда, елді мекендердің маңында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін қайтарып алу маңызды. Оларды қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне беру қажет. Сонымен қатар, елді мекендердің маңында жайылымдық жерлердің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр", - деді Әлихан Смайылов.
Сондықтан Үкімет басшысы жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет екенін атап өтті.
5 миллион гектар: мемлекетке жерді қайтарғандардың ішінде танымал шенеуніктер бар ма?
Еске салайық, былтыр 26 қазанда 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!