Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті биыл Қазақстан мен Ресей азаматтары арасында қанша неке қиылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Департамент мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегі мен қазанында Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылған", - делінген хабарламада.
Бірақ бұл деректердің былтырғыдан көп айырмашылығы жоғы атап өтілді. 2021 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтардың ресейліктермен 494 некесі қиылған.
Қарастырылып отырған кезеңде ең көп неке Алматы - 94 (2021 жыл - 75), Астана - 51 (2021 жыл - 46) және Қарағанды облысы - 45 (2021 жыл - 49) болды.
Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23-28 жас.
"Зерттеу бойынша, кейінгі жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында тіркелген некелер санының 14 пайызға төмендегені байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 10 айында 2153 неке, 2022 жылдың 10 айында 1851 неке тіркелді", - деп толықтырды ведомство өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!