- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл "Қазақстан аруы"...
Биыл "Қазақстан аруы" байқауына модельдер де қатыса алатын болды
Биыл "Қазақстан аруы" байқауына модельдер де қатыстырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тіркелу үшін небәрі сауалнама толтырып, суреттерді жүктеп, ұйымдастырушылардан хат күту керек. Іріктеу комиссиясы әрбір сауалнаманы қарап, ең сұлу және дарынды аруларды бетпе-бет кастингке шақырады. Сауалнамада өзің туралы қызығырақ етіп баяндап бер деген талап бар, әуестігіңді, дарыныңды, тілдерді меңгергеніңді көрсеткен жөн. Өйткені "Қазақстан аруы" байқауы жыл сайын өте сұлуларды ғана емес, сондай-ақ бүкіл республиканың дарынды әрі білімді аруларын жинайды", - делінген басқарманың хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2014 жылы "Қазақстан аруы" байқауының тарихында алғаш рет сауалнаманы кез келген ару толтыра алады деген кезде сайтқа 2 мыңнан аса өтінім келіп түскен. Олардың ішінен 100 ару таңдалып, онлайн-дауыс беру басталды. Байқаудың финалына бес қатысушы шығып, Қазақстанның ең сұлу аруы деген титул алматылық Регина Вандышеваға бұйырды. Оған 5 мыңнан аса көрермен дауыс берген. Жеңімпаз 1 миллион теңгеге ие болды.
М. Бисембаева