Биыл Каспий теңізіне су ағыны екі есе өскен

2024 жылы Каспий теңізіне су ағыны 16,7 текше шақырымға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Су айдынына ағын су 2021 жылы 3,6 мың куб шақырым, 2022 жылы - 5,47 мың куб шақырым, 2023 жылы - 8 мың куб шақырым болған.

Ведомство мәліметінше, ағынды сулардың көбеюіне ішінара "су" дипломатиясы - көрші елдермен келісімдер арқылы қол жеткізілді.

"Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Су тасқыны кезеңінде су көлемін реттеу бойынша келіссөздер күшейтілген режимде жүргізіледі", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!