Биыл кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін қанша адам сотталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің ресми сауалға берген жауабына сүйенсек, 4 ай бойынша пробация қызметінің есебінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық дерегі үшін 352 сотталған адам тұр.
Сонымен қатар, ведомствода сотталғандарға қатысты қандар шаралар жүргізілетіні айтылды.
"Сотталғандардың мінез-құлқын бақылау оларды тұрғылықты жері бойынша, оның ішінде интернет желісіне қосылған телекоммуникация құралдарын (байланыс құралдарын), электрон бақылау құралдарын қолдана отырып тексеріледі", - делінген ресми жауапта.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдан бері 114 сотталғанға электрон бақылау құралдары қолданылған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мұғалім 14 жастағы қызды зорламақ болды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.
Кейінірек полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 3 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы полиция бөліміне 32 жастағы тұрғын ауылдағы орта мектептердің бірінің денешынықтыру пәні мұғаліміне қатысты заңды шара қолдану туралы жазбаша арызбен жүгінген.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабының 2-бөлігі (Жас балаға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет) бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша соталды тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелген. Қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталғаны да хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!