- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл жұмыспен нәтижелі...
Биыл жұмыспен нәтижелі қамтуға 283,4 млрд теңге бөлінеді
Биыл жұмыспен нәтижелі қамтуға 283,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына қатысты баяндама жасаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
«Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 шілдеде өткен кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында басым жобалар мен іс-шараларды іске асыруға 379,9 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу ұсынылады. Олардың ішінде 283,4 млрд теңгені жұмыспен нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге және экономикалық өсуді ынталандыруға бөлу ұсынылып отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі мен теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамына көшуіне байланысты түсімдердің ұлғаюы есебінен қосылған құн салығы бойынша және корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың асыра орындалуы күтілуде. Сондай-ақ мұнай бағасы жоғары болған жағдайда, мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждың мөлшерлемесін тоннасына 20 доллардан 35 долларға дейін жоғарылауы және мұнай өндіру көлемінің 74-тен 75,5 млн.тоннаға дейін ұлғаюы есебінен мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж 197,5 млрд теңгеге ұлғаяды.
«Сондай-ақ ағымдағы жылы бірреттік сипаттағы кірістердің нақты түсіміне байланысты салықтық емес түсімдер бойынша болжам 113,5 млрд теңгеге өсті», - деді ол.
Дереккөз: inform.kz
T. Кіршібаев