"ҚазАвтоЖол" компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл республикалық маңызы бар жолдардың бойында электр көлігін қуаттайтын тағы 40 станса орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Еліміздегі электр көлігін қуаттайтын стансалардың жалғыз операторы KAZENERGY компаниясы саналады. Бұл мәселе пысықталып жатыр. Қазір республика бойынша 150 станса орнатылды. Оның 50-і республикалық маңызы жолдардың бойында тұр. Негізгі дәліз ретінде Астана-Алматы, Петропавл, ШҚО, Алматы облысы, Жетісу бағыты таңдалды", - деді деді Дархан Иманашев.
Оның айтуынша, бұл жоба бойынша "ҚазАвтоЖол" және KAZENERGY арасында меморандумға қол қойылады.
"Алдын ала олардың жоспары бойынша жалпы Қазақстан бойынша шамамен 220 станса орнату қажет. Оның 90-100-і республикалық маңызы бар жолдың бойында болады. Биыл осы стансаның 40-ы орнатылады", - деді басқарма төрағасы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!