- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жыл үздігі
Биыл жеті титул ұтып алған қазақстандық теннисші WTA сыйлығына үміткер атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым қорытындысы бойынша анықталатын жылдың үздіктеріне үміткерлер тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге "Жыл дуэті" аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді.
Сондай-ақ үміткерлер қатарында мына жұптар бар:
Габриэла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия);
Анна Данилина (Қазақстан) мен Ирина Хромачёва (Россия);
Се Шувэй (қытайлық Тайбэй) мен Элисе Мертенс (Бельгия);
Людмила Киченок (Украина) пен Елена Остапенко (Латвия);
Сара Эррани мен Жасмин Паолини (Италия);
Катержина Синякова (Чехия) мен Тэйлор Таунсенд (АҚШ).
Аталым жеңімпаздары теннис журналистерінің дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады.
Анна мен Ирина биыл WTA санатында жеті титулға қол жеткізді. Соның ішінде Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирі бар.
Қазақстандық теннисші жұптық сында әлемдік рейтингіде жылды 22-орынмен қорытындылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан