Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Оңтайлы және қолжетімді білім - инфрақұрылымыны да білім сапасының бір бөлігі. Осыған байланысты апат жағдайындағы және үша уысымды мектептер мәселесін жою үшін бірнеше көзден мектеп салу қолға алынды.
"Ауыл ел бесігі" бағдарламасы және жергілікті бюджет есебінен былтыр 7 мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы 6 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.
Вице-премьердің айтуынша, салада белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт - бизнес инвестиция.
"Былтыр 56 жекеменшік білім ошағы іске қосылды. Жалпы мұндай жеке меншік мектептердің саны бүгінде 667-ге жетті. Онда 250 мыңнан аса бала тәлім алып жатыр. Мектеп салу үшін барлық қаржы көзінен бөлінген қаражаттың 2 жылдық сомасы - 2,4 триллион теңге. Сондай-ақ, биыл 270 мектеп күрделі жөндеуден өтеді", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз