- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл жемқорлардан тәркіленген...
Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынады?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға қанша мектеп салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Оңтайлы және қолжетімді білім - инфрақұрылымыны да білім сапасының бір бөлігі. Осыған байланысты апат жағдайындағы және үша уысымды мектептер мәселесін жою үшін бірнеше көзден мектеп салу қолға алынды.
- Біріншіден, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы. Оның аясында 369 мектеп салынғалы отыр.
- Екіншіден, жемқорлық қылмысы аясында тәркіленіп, қайтарылған қаражат есебінен былтыр 36 мектеп салынса, биыл тағы 25 мектеп салынбақ", - деді Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында.
"Ауыл ел бесігі" бағдарламасы және жергілікті бюджет есебінен былтыр 7 мектеп пайдалануға берілсе, биыл тағы 6 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.
Вице-премьердің айтуынша, салада белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт - бизнес инвестиция.
"Былтыр 56 жекеменшік білім ошағы іске қосылды. Жалпы мұндай жеке меншік мектептердің саны бүгінде 667-ге жетті. Онда 250 мыңнан аса бала тәлім алып жатыр. Мектеп салу үшін барлық қаржы көзінен бөлінген қаражаттың 2 жылдық сомасы - 2,4 триллион теңге. Сондай-ақ, биыл 270 мектеп күрделі жөндеуден өтеді", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен