Биыл 11 ай ішінде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бас прокуратура есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде есірткі қылмысымен күресудің қосымша шаралары әзірленді.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Президент жариялаған "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес азаматтардың қауіпсіздігін нығайтудағы және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасаудағы негізгі салаға айналып жатыр.
Қадағалау органының басшысы Берік Асылов мемлекеттік аппарат нашақорлықпен күресуде және есірткі бизнесіне қарсы жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр, оның ішінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында да.
Биылғы жылдың 11 айында 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған, оның 2,2 мыңға жуығы сату дерегі бойынша.
4 мыңнан аса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның ішінде 1083 адам есірткіні сатқандары үшін.
37 халықаралық және 98 аймақтық есірткіні жеткізу арналарының жолы кесілген.
Прокуратураның бастамасымен елімізде "Нашақорлыққа жол жоқ" акциясы өткізіліп жатыр, оның аясында 47 мыңнан астам граффити жойылған, есірткіні жарнамалау және оны насихаттау бойынша төрт есе көп қылмыстық істер қозғалған (111-ден 426-ға дейін).
36 есірткіні жарнамалаушы ұсталған.
Бас прокурордың айтуы бойынша, ақпараттық технологияларды қолдану және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқасында есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды белсендірек анықтай бастады.
Мысалы, Қазақстан мен ТМД елдерінде есірткі сататын бір ғана интернет-дүкенде ұйымдастырушылар мен есепшілерді қосқанда 23 қатысушы ұсталған. Құны 90 миллион теңгені құрайтын мүлік тәркіленген.
Павлодарда есірткі өндірісімен айналысқан екі шетелдіктің қызметі тоқтатылған. Оларда Қазақстан мен ТМД елдерінде жұмыс істейтін, айналымы 100 миллион АҚШ долларынан асатын бірнеше есірткі дүкендерінің крипто әмияндары анықталған.
Үйлестіру кеңесі елімізде Ұлттық Таргетинг орталығын Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің негізінде құру жобасының барысын қарастырды.
Бас прокурор бұл орталықтың қызметі синтетикалық "шөпті" өндіруге арналған өнеркәсіптік химиялық заттарды әкелу мен пайдалануын бақылауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Прекурсорлардың айналымын бақылау үшін уәкілетті органдардың дерекқорларымен біріктірілетін ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр.
Кездесу нәтижесінде есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды анықтау үшін ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға, қаржылық тергеуді белсенді пайдалануға, шет ел азаматтарының заңсыз әрекеттерін алдын алу шараларын жүзеге асыруға, ойын-сауық мекемелерінің есірткі саудасы үшін жауапкершілігін арттыруға және т.б. бағытталған шешімдер әзірленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!