- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл елімізге шетелден...
Биыл елімізге шетелден қанша көлік әкелінді?
Биыл 11 айда елімізге сырт елден 136,5 мың автокөлік әкелінді. Оның сомасы - 2,7 миллиард доллар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
358,1 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 есе көп. Өткен жылы осы айда 1,355 миллион доллар сомасына 46,2 мың автокөлік келген. Сонымен қатар, 183,6 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді.
"Кедендік құн бақылауының қорытындысы бойынша қосымша - 49,4 миллиард теңге өндірілді. Республикада кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар", - деп мәлімдеді кірістер комитеті.
Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым дейді комитет өкілдері.
"Импортаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құның көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті. Сондықтан көлік құралын кедендік құнды қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек. Құжаттар ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, бантік аударым, аукциондық бет және т.б. қолданыла алады", - деп жазылған хабарламада.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget