- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл елімізде қанша...
Биыл елімізде қанша тұрғын үй салынды? Министрлік жауабы
Елімізде тұрғын үй тапшылығы қалай шешіліп жатыр?
Елімізде мамандар тұрғын үй тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтып, жиі дабыл қағып жүр. Соңғы 3 жылда Қазақстанда қанша тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде қай облыстар алда тұр? Осы сұрақ төңірегінде Massaget.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ресми сауал жолдаған еді.
Соңғы 3 жылда қанша пәтер салынды?
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша соңғы 3 жылда (2021-2023 ж.ж.) республикада жалпы ауданы 50 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 20 млн шаршы метр және көп пәтерлі тұрғын үй кешені – 30 млн шаршы метрді құрайды.
"Биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 15,5 миллион шаршы метрден 18 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ пайдалануға берілген 439 752 пәтердің 113 871-ін тұрғындар салған. Статистика бойынша, 2021 жылы – 149 497 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 40 785 пәтер, 2022 жылы – 133 195 пәтер, оның ішінде, жеке тұрғын үй құрылысы – 38 201 пәтер, 2023 жылы – 157 060 пәтер, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша – 34 881 пәтер салынды ", – делінген ресми жауапта.
Қай өңір үздік үштікте?
- 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің үздік үштігіне
Шымкент (1012,4 мың ш.м.),
Қарағанды (663,3 мың ш.м.),
Қостанай облысында кіреді.
- 2022 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы (488,1 мың ш.м.) мен Шығыс Қазақстан облысы (320,5 мың ш.м.) алдыңғы орында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана – 158,1% (3 810,1 мың ш.м.), Алматы – 130,7% (2 502,2 мың ш.м.), Ұлытау облысы – 131,6% (82,7 мың ш.м.) көш бастаған.
Биыл қанша үй пайдалануға берілді?
Биыл 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Ал қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша 93 658 тұрғын үй пайдалануға берілді.
8 айдың қорытындысымен республиканың 18 өңірінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсімі тіркелді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Шымкент қаласы (27,3%-ға – 649,1 мың ш.м.) көш бастап тұр. Одан кейінгі орында:
- Жетісу облысы (20,6%-ға – 150,2 мың ш.м.),
- Қарағанды (18,8%-ға – 330,9 мың ш.м.),
- Павлодар (16,5%-ға – 203,9 мың ш.м.) облысы,
- Абай облысы (14,4%-ға – 189,8 мың ш.м.) және
- Атырау облысы (13,5%-ға – 416,6 мың ш.м.) тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы