- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл елімізде алғаш...
Биыл елімізде алғаш рет көлік туннелі пайдалануға беріледі
Биыл жазда Қазақстанда алғаш рет көлік туннелі пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Жол құрылысы маусымы аясында көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда ведомство басшысы бірқатар нысанның құрылысымен танысты.
Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 "Самара - Шымкент" тас олының "Қызылорда - Сексеуіл" учаскесіндегі жұмысты тексерді. Мұнда Қызылордадан Сексеуілге дейінгі 463 шақырым жол қайта жөнделеді.
Сондай-ақ, Түркістан облысы Шақпақ баба асуы арқылы өтетін көлік туннелінің қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі саналады.
"Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылы аяқталып, пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Бетон және асфальтбетон төсеу толық аяқталды, жарық орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Басты жұмыстар аяқталды", - деді Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.
Жаңа туннель қыста Шақпақ баба асуында жүргізушілердің қар құрсауында қалмауына мүмкіндік береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен