Биыл Астанада бірінші сыныпқа қанша бала барады?

Астанада оқу жылының басында 187 мектепте 282 150 оқушы оқиды. Оның ішінде 110 мектеп – мемлекеттік (233 006 бала), 70 мектеп – жекеменшік (42 674 бала) және 7 республикалық мектеп (6 470 бала), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев Коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Спикердің мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 28 мың баланы қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінде 24 100 бала қабылданды.

"Оқу жылының соңында қалада 8 үш ауысымдық және бала саны шамадын тыс 16 мектеп болды. Мектептердегі орын тапшылық 27 800 мың оқушы орнын құрады. Осы мәселені шешу үшін биыл бір ауысымда 49 790 мың орынға арналған 32 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бір ауысымда 30 290 мың орынға есептелген 21 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қыркүйек айында бір ауысымда 15 850 мың орынға арналған 12 мектеп пайдалануға беріледі (3 – БИП, 8 – Жайлы мектеп, 1 – жекеменшік мектеп). Желтоқсан айында бір ауысымда 14 440 орындыққа арналған қосымша 9 мектеп (7 – Жайлы мектеп, 2 – жекеменшік мектептер) пайдалануға беріледі", - деді басқарма басшысының орынбасары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!