Биыл елімізде әскерге 20 мыңнан аса қазақстандық шақырылады. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті басшысының орынбасары, полковник Азамат Досымов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, биыл 1 наурыздан бастап әкім орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кіріскен.
"2024 жылғы 30 маусымға дейін Қарулы күштерде, басқа да әскери құралымдарда 18 жастан 27 жасқа дейін мерзімді әскери қызметке 20 мыңнан аса адам шақырылады. Олар әскерге шақыруды кейінге қалдыра алмайды және әскерден босатуға негіз жоқ. Осылайша, Қарулы күштер қатарын 9 мыңнан аса адам, Ұлттық ұланды 6 мыңнан аса адам, ҰҚК Шекара қызметін 3 мыңға жуық адам, Төтенше жағдайлар министрлігін 300-ден аса адам, Мемлекеттік күзет қызметін 300-ге жуық адам толықтырады", - деді Азамат Досымов ОҚК-де баспасөз мәслихатында.
Ол қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде жұмыс барынша ашық жүргізілетінін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!