- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл "Алтынкөл-жол" кеден...
Биыл "Алтынкөл-жол" кеден бекетінде 85 миллиард 700 миллион теңге пайда түскен
Кеден саласында тәртіп бұрынғыдан да күшейген. "Алтынкөл-жол" кеден бекетінде биылғы жеті айы қорытындысы бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды өндіруден түскен пайда 85 миллиард 700 миллион теңге болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "қаңтар оқиғасынан" кейін Қытаймен шекарада орналасқан кеден бекеттері атына айтылған сынынан кейін салада тәртіп бұрынғыдан да күшейгені айтылды. Соның нәтижесінде, кедендік төлемдер мен салықтардың түсім мөлшері де бірнеше есеге артқан.
"Атап айтсақ, Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "Алтынкөл-жол" кеден бекетінде биылғы жеті айы қорытындысы бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды өндіруден түскен пайда 85 миллиард 700 миллион теңге болды. Бұл көрсеткіш кеден бекетінде жұмыс істейтін әр қызметкерге шаққанда бір миллиард теңгеден асып кетіп отыр", - дейді Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "Алтынкөл-жол" кеден бекеті басшысының орынбасары Бекен Нұрахметов.
Сонымен қатар, әр көлік құралынан өндірілетін кедендік төлемдер 6 миллион 391 мың теңгеге жеткен. Бұған қоса кедендік тексеру барысында тауар декларациясында дұрыс мәлімделмеген тауарларды әшкерелеу нәтижесінде қосымша 238 миллион 360 мың теңге кедендік төлемдер өндіріліп, кеден тәртібін бұзушыларға 48 миллион 524 мың теңге айыппұл салынғаны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан