Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы полиция департаменті көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10 977 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен 1 331 шетел азаматы елден шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 176 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз