Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.
"Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады", - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Қазіргі таңда Алматыда 44 ҰОС ардагері тұрады.
Алматы қаласы мәслихатының жеке шешіміне сәйкес 2023 жылы ҰОС-ның 56 ардагеріне 1 миллион теңге және қосымша 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
"Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екінші деңгейлі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпей, төлемді тізімге сәйкес береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!