Биыл Алматыда қай көшелерді ұзарту жұмыстары аяқталады?

Биыл Алматыда қай көшелерді ұзарту жұмыстары аяқталады?
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамыр айында Абай даңғылын Бауыржан Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.

Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40 пайызға төмендейді.

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина