Алматы қаласы әкімдігі өкілдері "Алматы жастары" бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәліметінше, қазір бағдарлама әзірленіп жатыр.
"Қазір "Алматы жастары" бағдарламасының жобасы әзірлеу және келісу сатысында тұр. Бағдарламаны іске асыру және іске қосу мерзімдері туралы ақпарат қосымша хабарланады", - деп жазылған әкімдік жауабында.
Еске салайық, былтыр "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1 100 азамат үйлі болды.
"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, БАҚ, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.
Өтініш берушінің тіркелген некедегі әрбір жылы үшін 2 балл, 1 баласы болса 1 балл, одан кейінгі әр балаға 2 балл, осы саладағы еңбек өтілінің әрбір жылы үшін 2 балл беріледі.
"Алматы жастары" бағдарламасымен қалай баспана аламыз? Нұсқаулық
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!