- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тақтатас мұнай өндірісі
Биыл алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайы өндіріледі

Биыл елімізде тақтатас мұнай өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл мұнай-газ саласына инвестиция тартуға серпін береді. Шикізат қоры шамамен 19 млрд текше метр газды құрайтын "Батыс Прорва" және "Барханная" кен орындарында газ өндіру басталады. Қарағанды облысында құрамында 17 түрлі сирек кездесетін жер металдары бар ірі кен орны табылды", - деді Бектенов.
Сонымен қатар осы Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареялар өндірісінде қолданылатын графит концентратын өндіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
"Қашаған мен Жаңаөзенде Газ өңдеу зауыттарының құрылысы жалғасуда. Қашағандағы екінші Газ өңдеу зауыты мен Қарашығанақтағы Газ өңдеу зауытының жобалау жұмыстарын бастау үшін инвестициялық шешімдердің қабылдануын күтіп отырмыз", - деді премьер-министр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, дәл қазір Астанада президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет