Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылы 1,7 миллион оқушы тегін тамақтанатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін үкімет отырысында министр премьер-министр Олжас Бектеновке жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берді.
"Биыл 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім ұйымында 3,9 миллион бала білім алады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінде өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз етуі деңгейі – 90 пайыз. 25 тамызға дейін оқушыларды оқулықтармен толық қамтуды барлық өңірлер аяқталуға тиіс", - деді Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, әкімдіктер тарапынан тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қажет қаражат бөлінген.
"Биыл қыркүйектен бастап 1,7 миллион оқушы тегін тамақтанатын болады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артып отыр. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биылда 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажет көмекпен қамту көзделген. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажет қаржы қарастырылған", - деді министр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!