Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астанада (26 мыңнан астам) тіркелген.
2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.
Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!