Жұбайын өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев үкімді жеңілдету үшін күресін жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа түсті. Бұл туралы ақпарат қызметтік кабинетте бар.
Іс 5 тамызда судьяға берілді.
Еске салайық, 13 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі аяқталған болатын. Сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз