Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың өзге адамдарға тіркелген мүлкін тәркілеу туралы петиция пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Петиция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Біз біргеміз" консультативтік-ситуациялық орталығы" ҚБ басшысы Вадим Курамшиннен жолданған.
Курамшин Президенттен бұл іске жеке араласып, шешуін сұраған.
28 ақпанда пайда болған петицияны 155 368 адам қолдаған. Тек 640 адам ғана қарсы шыққан.
Айта кетейік, бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!