Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың төрт жылға сотталған туыс інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа берген өтінішін қайтарып алды, сол себепті ол қаралмайтын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты Жоғарғы сот таратты.
"26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтарып алды, сондықтан өтініш алдын ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы бұйрық 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығады, - делінген сот таратқан хабарламада.
Өтінішті не себепті кері қайтарып алынғаны нақтыланбаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз