- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бишімбаевтың жазасын жеңілдету...
"Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңге сұраған". Антикор тергеуді аяқтады
Антикор бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 миллион теңге пара сұраған астаналық әйелдің ісін тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзіне сенсек, әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенген.
"Ол Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген сылтаумен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемденбек болды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар күдіктілердің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп бағаланып отыр. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды, тараптар іспен танысып жатыр", - деді Данияр Бекайдаров.
Айта кетейік, биыл 21 маусымда Антикор экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталғанын хабарлаған еді.
Еске салайық, соттың үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен