- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевтың жазасы неге...
Бишімбаевтың жазасы неге жеңілдетілмеді?
Астана сотының үйлестіруші судьясы Алма Есілова Қуандық Бишімбаевтың жазасы жеңілдетілмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Апелляциялық сот отырысы аяқталғаннан кейін Есілова журналистерге экс-министр мен оның туысы Бақытжан Байжановқа үкімнің неліктен өзгеріссіз қалғанын түсіндірді.
"Үкімді тек шектеулі негіздер бойынша апелляциялық тәртіпте қайта қарауға болады. Бұл жерде мәселені үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеп соқтырған процессуалдық бұзушылықтарға жол берілгеннен кейін ғана қайта қарауға болатын еді. Апелляциялық инстанция мұндай бұзушылықтарды анықтамағандықтан, сәйкесінше, үкімді, оның ішінде жазаны да қайта қарау мүмкін емес", - деп түсіндірді Алма Есылова.
Еске салайық, бұған дейін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалғанын хабарлаған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан