- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бишімбаевтың жауыздығын түсінбеймін"....
"Бишімбаевтың жауыздығын түсінбеймін". Дулат Исабеков қоғамды алаңдатқан шулы оқиғаға қатысты ойын айтты
Жазушы, драматург Дулат Исабеков Kultobe podcast youtube-арнасына берген сұхбатында қазіргі әлеуметтік-саяси оқиғаларға деген көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол зиялы отбасынан шыққан Бишімбаевтың мұндай іске барғанын түсінбейтінін айтты.
"Бұл сөзбен айтып түсіндіру қиын нәрсе. Достаевскийдің "жауыздық пен ізгілік бір адамның бойында отырады" дегені міне, осы. Сондай тәрбиеден шыққан баланың сондай қылмысқа барғанына топшылап, қорытынды жасай алмай жүрмін. Неге олай болды? Әлде кішкентайынан ешуақытта қарны ашып тамақ ішпеген, киімі тозып жаңа киім сатып алмаған, ішкені алдында, ішпегені артында, не тілесе алақанына келіп түсіп тұратын сондай тәрбиеде өскен бала ержеткен соң "менікі ғана дұрыс, айтқаныма көнбеген адам маған жау" деген сияқты ұғымда тәрбиеленген болуы керек. Содан кейін министр болып отқан Бишімбаевтың өз әйелін осыншалықты қанды жауыздықпен өлтіргенін мен түсінбеймін. Мұны қалай түсіндіруге болады. Өзінің бойындағы қасиет өмірдің тек сәттілігін, байлығын көріп өскеннен кейін әйелдің кейбір мінезіне мүмкін көне бермеген шығар. Қалай болғанда да екеуі жараспай бара жатса, неге ажыраса салмады, неге кісіні өлтіруге дейін барғанын түсінбедім. 24 жылға сотталды, әйелдің өмірін құртты, өзінің өмірі де осы жерден бітті", -
Дулат Исабеков кейіпкері Салтанат пен күні кеше өмірден өткен Салтанат Нүкенованың тағдыры ұқсас болғанымен, айырмашылықтары бар екенін атап өтті.
"Бұл екеуі екі бөлек. Олар айдаладағы шабандардың өмірі, ал бұл қаладағы министрдің өмірі. Бірақ адамның болмысы қандай қызмет істесең де сол сақталып қалады. Шығармадағы Тастан кісі өлтірген жоқ, ол дөрекі мінезі арқылы Салтанатты мойындамады, бірақ ол Салтанатты жақсы көрді. Ал қаланың өмірінде өзімшіл боп өмір сүрген Бишімбаев өзіне қарсылық көрсеткен адамды жау деп ойлайтын шығар, содан кейін осындай қорытындыға келді. Тастанның табиғаты сондай, жақсы көреді. Салтанат ауырып жатқан кезде "әлі жатсың ба" деп айтады ғой. Сол кезде шешесі келіп, "не болды, адам сөйтіп сұрай ма екен" дегенде, "қалың қалай" дегенім ғой" деп жауап береді. Енді сондай тәрбиемен өмір сүрген. Өлгеннен соң моласының басында мола бүркіт сияқты отыру бұл ең керемет махаббат. Мұндай махаббат ешкімде жоқ. Бірақ өзі махаббатын көрсете алмайды,сондай тәрбиеде өскен. Әкесіне ең соңында ғана ренішін айтады. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ, сенің дөрекілігіңнен Салтанат о дүниелік болды" деген әкесіне "бұл сіздің тәрбиеңіз ғой, әке, мен сіздің балаңызбын" деп жауап береді. "Әрбір баланың туылғаннан бастап өз дегені, өз ойы болмас па еді, бәрі әкенің айтқанымен жүре берсе, мына дүние өзгеріссіз қалмап па еді" деген ойын айтады әкесі", - деді жазушы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы