- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевтың экс-әйелі Бас...
Бишімбаевтың экс-әйелі Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағымданды
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Назым Қаһарманның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевты әке құқығынан айыру туралы талап-арыз берген. Сот мұны қанағаттандырмады, өйткені Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың заңды әйелі болған жоқ. Демек, ол туысын немесе отбасы мүшесін өлтірмеді. Сонымен қатар Назым Қаһарман балаларының тегін өзгертуін қалады, бірақ бұл да қанағаттандырылмады.
"Өкінішке қарай, мен қазір бәрін ашып айтуға мәжбүрмін, өйткені көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бұл (соттың бас тартуы – еск.) әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын, соттың назарын аудартқым келеді", – деді Қаһарман.
Еске салайық, мамырда Назым Қаһарман бұл оқиғадан кейін балалары Бишімбаевтың фамилиясынан бас тартқысы келетінін айтқан еді. Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуіне қандай көзқараста екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек