Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрді әке құқығынан айырғысы келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Назым Қахарман инстаграм парақшасында айтты. Назымның сөзінше, ол Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа жүгінген.
Айта кетейік, Назым Қахарман мен Қуандық Бишімбаевтың ортақ үш баласы бар.
Сот онлайн форматта өткен. Судья Қахарманның өтінішін қанағаттандырмаған, себебі оны ата-ана құқығынан айыру үшін заңды негіз жоқ деп санаған. Назымның айтуынша, балалары екі сағат сұрақтарға жауап берген.
"Біздің мемлекет үшін нағыз лайық әке ғой сонда", - дейді Назым.
Сонымен қатар Назым балалар тегін ауыстырғанын қалайтынын айтып, неліктен екенін түсіндірген.
"Кейін қажет болатын құжаттарға қол қойдырған сайын түрмеге бармау үшін, барған сайын келісімін алып отырмау үшін қажет. Мысалы, ол келіспесе (Бишімбаев), балалар жаттықтырушымен шетелдегі турнирлерге немесе мұғаліммен олимпиадаға бара алмайды.
Ал заң бойынша мұндай қылмыс жасағаны үшін сотталғандар ата-ана құқығынан айырылуы керек. Бұл жайдан-жай шыққан шешім емес. Ондай адамдар балалар үшін шешім қабылдамауы керек", - дейді Назым.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз