Бишімбаевтың бауырына рақымшылық жасалды: сот шешімі күшіне енді

Бишімбаевтың бауырына рақымшылық жасалды: сот шешімі күшіне енді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Сот шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі растады. Бақытжан Байжанов нақты қашан бостандыққа шығатыны хабарланбады.

Алайда, Tengrinews.kz мәліметінше, Қуандық Бишімбаевтың бауыры шамамен 2026 жылы қазанда бостандыққа шығуы мүмкін.

Еске салайық, Байжанов биыл 9 шілдеде Степногорск аудандық сотына жүгінген болатын. Кейінірек Бишімбаевтың бауырының жаза мерзімі қысқарғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget