Cенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кулуарда экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер Сенат төрағасынан "Қуандық Бишімбаевтың әрекеті элитаның беделіне дақ түсірді ме?" деген сұрақ қойды.
"Бишімбаевқа қарап қазір мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдарға баға беру дұрыс деп санамаймын. Мен мұны дұрыс деп санамаймын. Оған қоса, Бишімбаев заң жүзінде өз ісіне өзі жауап береді. Мемлекеттік қызмет бұрын істеген адамға қарап қазіргі қызметкерлерге баға берген дұрыс емесін атап айтқым келеді. Бұл жүйеде озық адамдар жұмыс істеп жатыр, оларды өздеріңіз де көріп жүрсіз. Менің ойымша, қазір мемлекеттік қызметте өз балаларына, басқа адамдарға үлгі болатын адал кәсіпқой мамандар бар. Бұл жағдай әсер етпейді деп ойлаймын. Бірақ бұл бүгінгі кадрлармен жұмыс істемеу керек деген сөз емес", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!