Бишімбаевтың анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске ақша төлегені рас па?

Бишімбаевтың анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске ақша төлегені рас па?
Фото: Tengri TV

Қуандық Бишімбаевтың анасы ресейлік блогер Наталья Грейске ақша төлегені рас па? Бұл сұраққа экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов Tengri TV-ға берген сұхбатында жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлан Ғазымжанов бұған дейін Наталья Грейсті танымағанын алға тартты.

"Қоғамда Наталья Грейске 100 мың қаржы төлеп, Мәскеуден шақырды деген ақпарат тарады, бірақ мен Наталья Грейске ешкім ақша төлемегенін білемін. Адамдар ол мұнда ресейлік блогер ретінде қолдау көрсетуі үшін әдейі шақыртылды деп жатты. Бұл – өтірік. Жасы 80-нен асып кеткен, әлеуметтік желілерде ештеңе білмейтін Бишімбаевтың анасы Наталья Грейсті тауып алып, оны шақырды дейсіз бе? Бұл ақымақтық секілді көрінеді. Біз Наталья Грейсті білмедік.

Оның тек ақшаға келісетіні туралы пікір жоқ. Бұл мүлдем дұрыс емес. Оның келуі және ақпараттық қолдауы ештеңеге әсер етпейді. Ол секілділер көп болды, мысалы, Собчак маған да жүгінді. Маған Собчак өкілдері жазды, сұхбат алғысы келді, мен бас тарттым. Себебі мен сот процесіне әсер етуі мүмкін іс-шараларға қатысқым келмеді", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Ғазымжанов әлдекімдер экс-министрдің үкімін ақылы түрде жеңілдетуге тырысқанын айтқан еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә