Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Бишімбаевтың үкіміне қатысты тағы да шағым түсірмекші. Бұл туралы журналистерге оның қорғаушысы Назкен Құсайынова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құсайынованың айтуынша, адвокаттар халықаралық ұйымға да жүгінбек ниетте.
"Одан әрі шағымданамыз. Жоғарғы сотқа жүгінеміз, Қазақстанның барлық инстанциясын пайдаланамыз. Біз халықаралық ұйымға - адам құқықтары жөніндегі комитетке жүгінеміз. Жазамыз, дәлелдейміз", - деді Құсайынова.
Еске салайық, бұған дейін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалғанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!