Астанада Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде алғаш тергеу жүргізген полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланған.
Еске салайық, полиция қызметкері Бишімбаевты ұстаған кезінде Салтанат Нүкеноваға қатысты "осы жағдайға жеткізген өзі ме?" деп сұрағаны видеоға түсіп қалған болатын. Бұл реплика полицейдің жетонына түсіп қалған, осылайша 8 сәуірде сот талқылауы барысында көрсетілді.
Сонымен қатар, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха "полиция экс-министр Қуандық Бишібаевты ұстағанда заңды бұзған жоқ па?" деген сұраққа жауап берді.
Игорь Лепеха видеоны тексеру керегін атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!