Астана қаласының полиция департаменті әйеліне зорлық жасады деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаштың ісіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді", -деп хабарлады департамент.
Тергеу ҚР ҚК 110-бабы "Қинау" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Оқиға қалай болған?
"#НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Әйелдің сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесінде де ұрып-соққан.
Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз