- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевқа қатысты кезекті...
Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы: тікелей эфир
Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, 27 наурызда өткен алғашқы сот отырысында Қуандық Бишімбаев Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамаған болатын.
"Кінәмді мойындамаймын. Маған соталды тергеуде де, ешқай жерде өз оқиғамдыайтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор айтқан айыптар көбіне куәгерлер жоқ сөздер. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын", - деді Бишімбаев сотта.
Еске салайық, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол сол кезде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина