- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевқа қатысты алғашқы...
Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашқы сот отырысы 11 наурызда өтеді.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.
Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.
11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина