Бишімбаев сотында прокурор болған Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол тәжірибесінде болған тағы бір іс жайлы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжан Аймағанова инстаграм-парақшасында адамдарды үлкен жанжалдардың алдын алуға шақырды.
"Мен тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік құбылыс туралы ашық айту бүгінгі таңда қалыпты жағдайға айналғанына қуаныштымын.
Менің тәжірибемде отбасылық жанжал қол жұмсауға ұласып, олардың бірінің өлімімен аяқталған іс болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал асүйде туындаған, сол сәтте әйелі үстелде нан турап жатқан. Жанжал барысында ер адам оны ұра бастаған. Қорғанғысы келген әйелі жұбайының кеудесіне пышақ салып, ер адам сол жерде көз жұмған, ал әйелі сотталды.
Өкінішке орай, мұндай істер аз емес.
Бұл жағдайда зорлық көрсетуші өмірінен айырылды, ал зорлық-зомбылық құрбаны өзін құтқара алды. Бірақ қандай бағамен? Қоғамнан оқшаулану бағасымен және өкінішке орай, оқшауланумен ғана шектелген жоқ.
Зорлық-зомбылық отбасыларда да, оқу орындарында да, ешжерде де болмауы тиіс. Әр отбасында балалар өсіп келеді, олар өмірлерін өз отбасыларының үлгісімен қалыптастырады. "Балаларды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле". Егер әрқайсымыз қоршаған ортаға бей-жай қарамасақ, онда көп нәрсені жақсы жаққа өзгертуге болады.
Бір-біріңізге көңіл бөліңіздер, үлкен жанжалдардың алдын алыңыздар", - деп жазды прокурор.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!