- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев сотына тележургізуші...
Бишімбаев сотына тележургізуші Ксения Собчактың келуі: ақпарат министрі пікір білдірді
Мәдениет жән ақпарат министрі Аида Балаева бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотына ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың келуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналист ведомство басшысына "Бүгін экс-министр Қуандық Бишібаевтың сотына ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак келді. Бұл Мәдениет жән ақпарат министрлігімен келісілді ме? Шетелдік журналист ретінде оған басымдық берілді ме? " деген сауал жолданды.
Аида Балаева бұл ақпаратты БАҚ-тан білгенін айтты.
"Әрине, жоқ. Өзім де ақпаратты БАҚ-тан көрдім. Оқиғаның мән-жайын анықтаймын. Мен сот процесін көрмеймін", - деді министр.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен