- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев ісінде судья...
Бишімбаев ісінде судья болған Айжан Көлбаева марапатқа ие болды
Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награда табыс етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжан Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды.
Фото: Астана соттары
Айсұлу Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.
Айта кетейік, "Мінсіз қызметі үшін" медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қызметінде жақсы нәтижеге жеткен және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер марапатталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан